logo

«Тобылдың» сенімді жеңісі (видео)

«Тобылдың» сенімді жеңісі (видео)

Қостанайлық «Тобыл» Белекте (Түркия) өткен оқу-жаттығу жиынында жолдастық кездесуде болгариялық «Арда» клубын талқандады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кездесудің 7-минутында Ислам Чесноков ойында есеп ашты. 30-шы минутта Игорь Иванович қостанайлықтардың басымдылығын нығайтты. Бір минуттан кейін «Арданың» жартылай қорғаушысы Станислав Дюлгеров ережі дөрекі бұзғаны үшін тікелей қызыл қағазды алды.

Екінші таймда ойын қалыпты қарқынмен өтті. 80-минутта Момчило Мркаич өз сәтін жүзеге асырып, есепті 3:0 жеткізді.



Күн шежіресі