Үмітіміз Назым мен Нұрбекте ғана: Мырзағали Айтжанов
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Сәкен Бибосыновтың жеңілісінен кейін Париж олимпиадасы қазақ боксшылары үшін ең сәтсіз өтіп жатқан ойындар екенін айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Олимпиаданы өздерің көріп жатсыңдар. Біздің жігіттер қолынан келгеннің барлығын жасады. Біз де боксшыларымызды жоғары деңгейде дайындап алып келдік. Барлығы аянып қалып жатқан жоқ. Бірақ, шаршы алаңда төреші кімнің қолын көтерді. Сол жеңімпаз деп саналады. Өз басым ешкімді кінәламаймын. Бәрін халық көріп отырған шығар», - деді бас бапкер.
Сондай-ақ, ол Париж олимпиадасы қазақ боксшылары үшін ең сәтсіз, нашар өткен ойындар екенін жасырмады.
«Париж бізге құтты Олимпиада болған жоқ. Токиода екі қола медальға шулап еді. Парижде бір ғана медаль болайын деп тұр. Мүмкін қателіктер болған шығар. Қателік әрбір адамда болады. Чемпион болғанда да болады. Париж олимпиадасы біз үшін өте сәтсіз болды. Енді шешімді басшылар қабылдайды, біз өз жұмысымызды атқардық, боксшыларды дайындап әкелдік. Боксшылар барын салды, жеңіс берді-бермеді, оны бапкерлер шешпейміз», - деді бас бапкер.
Қазір тек, жартылай финалда жұдырықтасатын жалғыз боксшымыз қалды. Ол - Нұрбек Оралбай. Сонымен қатар әйелдер арасында Назым Қызайбай бар. Ол енді ширек финалда сынға түседі.