logo

Мұхамедсабыр Базарбайұлы: Олимпиада рухын сезіне бастадым

Мұхамедсабыр Базарбайұлы: Олимпиада рухын сезіне бастадым

Бокстан 63,5 келіде жұдырықтасатын Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасындағы екінші жекпе-жегін өткізіп, шағын сұхбат берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Еске салайық, қазақстандық боксшы Олимпиаданың екінші айналымында тайпейлік қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 

«Қарсыласым өте ыңғайсыз жұдырықтасады екен. Өзі Азия ойындарының күміс жүлдегері, жолдаманы да сол жарыста алған. Жеңіске жету үшін барымды салдым. Оның үстіне, екінші жекпе-жек болған соң, шаршы алаңға да бой үйрете бастадым. Ал Олимпиаданың рухы керемет. Бүкіл спортшы армандайтын жарыс болған соң, аянып қалмау керек», — деді боксшы. 



Күн шежіресі