Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады
Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ерлер арасында 63,5 келіде сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы турнирдің ширек финалында грузиялық Лаша Гурулиден жеңіліп қалды.
Алғашқы раундта Базарбайұлы 5:0 есебімен алға шыққан. Алайда, төрешілер екінші раундтағы жеңісті 0:5 есебімен Гурулиге берді.
Шешуші кезеңнен соң қазылар 3:2 есебімен Лаша Гурулиді жеңімпаз деп таныды.