Түркістаннан Астанаға «Бірлік керуені» келе жатыр
Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Осыған орай Түркістан облысынан «Бірлік керуені» жобасы ұйымдастырылып, елордаға жолға шықты.
Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі Құдықхана бұлақ суы құйылған торсықты Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі Ғалымжан Изжанов тапсырды.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары спорттың 21 түрі бойынша өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы, бапкерлер мен өкілдер қатысып, негізгі жүлделерді сарапқа салмақ. Оның ішінде спорттың 13 түрі бойынша Қазақстан құрамасының сапында Түркістан облысынан 29 спортшы қатысады.