logo

Құсбегілік сайысы Дүниежүзілік көшпенділер ойынына алғаш рет қосылды

Құсбегілік сайысы Дүниежүзілік көшпенділер ойынына алғаш рет қосылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына аз күн қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Биылғы ойындарға Алматыдан екі спортшы қатысады. Олар «қазақ күресі» бойынша ел намысын қорғайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық және ат спорты клубының жетекшісі Нұрлан Оспанов айтты.

Нұрлан Оспановтың айтуынша, әр өңірден ойындарға қатысатын «елшілер» мен бір «батыр» спортшы тағайындалады. Олардың міндеті – ойындардың маңыздылығы мен ерекшеліктерін насихаттау, сондай-ақ кездесулер мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру.

Ал республикалық «Құсбегілік» федерациясының вице-президенті, «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы бұл ойындар – қазақ халқының бірегей ұлттық болмысын әлемге паш ету мүмкіндігі екенін атап өтті.

«Алдағы іс-шара көшпенділер ойындарының әлемдегі деңгейін ғана емес, Қазақстанның мәдени және спорттық құндылықтарын да көрсетеді. Біздің ұлттық спорт түріміз – «құсбегілік» алдыңғы төрт ойынның бағдарламасына кірмеген еді, бірақ биыл ол енгізіліп отыр, біз бұған өте қуаныштымыз. Бүркіт – қазақ рухы мен төзімділігінің символы, ол сондай-ақ біздің ұлттық туымызда бейнеленген», – деді Бағдат Мүптекеқызы.