logo

Туризм және спорт мигистрі қазақ күресінің чемпиондарын құттықтады

Туризм және спорт мигистрі қазақ күресінің чемпиондарын құттықтады

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қазақ күресінен өткен бәсекенің жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кешенді ойындардағы қазақ күресінен жарысқа әлемнің 41 елінен 274 спортшы қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес, балуандар 16 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қазақ балуандарының еншісінде - 15 медаль (12 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль) бар.

Министр кездесуде қазақ күресінің ардагерлері – Диханбай Биткөзов пен Марат Жақиттың төл күресімізге сіңірген еңбегін ерекше атап өтті

Кездесу соңында Ербол Мырзабосынов пен Олимпия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері 8 салмақта жеңіске жеткен балуандарды жеңісімен құттықтады.