Тимур Досмағамбетов «Оқжетпеске» оралды

Қазақстандық жартылай қорғаушы Тимур Досмағамбетов «Оқжетпес» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тимур – көкшетаулық футбол мектебінің түлегі, ол «Оқжетпес» сапында 2008-2009, 2017-2018 жылдары өнер көрсетті.
Сондай-ақ, ол мансабында «Шығыс», «Тобыл», «Ақтөбе», «Тараз», «Ордабасы», «Шахтер» және «Астана» клубтарында ойнаған.
Қазақстан ұлттық құрамасының намысын 21 матчта қорғады.