logo

«Оқжетпес» 36-жасар Қазақстан құрамасының футболшысын қатарына қосты

«Оқжетпес» 36-жасар Қазақстан құрамасының футболшысын қатарына қосты

Көкшетаулық «Оқжетпес» 36 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Аслан Дарабаевпен келісімшарт жасасқанын хабарлады, деп жазады Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аслан Қарағанды облысында туып-өскен, алғашқы кәсіби келісімшартын жергілікті «Шахтермен» жасасты. 2008 жылы Қазақстан чемпионатында алғаш рет алаңға шыққан, ал келесі маусымда қола медаль жеңіп алған.

Одан кейін «Ақтөбе», «Атырау», «Қайрат», «Иртыш», «Тобыл», «Жетісу» және «Астана» командаларында ойнады. Жартылай қорғаушының соңғы клубы «Елімай» болды. Сондай-ақ, ол Қазақстан ұлттық құрамасында 24 ойын өткізді.



Күн шежіресі