Нұрлан Дайыров «Оқжетпеске» оралды
Қазақстандық қорғаушы Нұрлан Дайыров 2025 жылғы жаңа футбол маусымын «Оқжетпес» командасында бастайды, деп хабарлайды Sport+.
Клубтың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазақстандық ойыншы командаға қосылып үлгерген.
Айта кетейік, «Қайрат» мектебінің түлегі солтүстікқазақстандықтардың қатарында 2017-2019 жылдар аралығында ойнаған. Сондай-ақ 29 жастағы Дайыров «Тұран», «Қызылжар», «Тараз», «Мақтаарал» және «Жетісу» клубтарында өнер көрсеткен.