«Оқжетпес» ОЖЖ-да молдовалық команданы жеңді
Көкшетаулық «Оқжетпес» Түркияда өткен жолдастық кездесуде молдовалық «Зимбру» командасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
«Оқжетпес» сапында голдарды Дәурен Жұмат (пенальти) және Дамир Марат соқты.
Көкшетаулық клуб оқу-жаттығу жиыны аясында қатарынан екінші рет жеңіске жетті. Бұған дейін Андрей Ферапонтовтың командасы ресейлік «Ленинградец» командасын дәл осындай ұпаймен басым болды.