Тәжікстанның жорығы аяқталды. Әрі қарай Иордания өтті (видео)
Катарда футболдан Азия Кубогының ширек финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жарыстың төрт үздік команданың қатарына кіру құқығы үшін бірінші болып Тәжікстан мен Иордания құрамалары таласты.
Матчтың тағдырын екінші таймның ортасында орын алған автогол шешті. Оның авторы Тәжікстан құрамасының қорғаушысы Вахдат Ханонов болды.
Осылайша, Тәжікстан құрамасы алғашқы Азия Кубогында өзінің жорығын ¼ финал кезеңінде аяқтады.
Бірақ Иордания құрлықтық турнирдің жартылай финалына шығып, өзінің ең жақсы нәтижесін көрсетті.