logo

Нағыз драмаға толы матчта Азия Кубогы ширек финалының кезекті қатысушысы анықталды (видео)

Нағыз драмаға толы матчта Азия Кубогы ширек финалының кезекті қатысушысы анықталды (видео)

Оңтүстік Корея мен Сауд Арабиясы құрамалары Азия Кубогының ширек финалында тамаша ойын көрсетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кездесудің бірінші таймы голсыз аяқталды, бірақ ойынның екінші бөлігінің 46-минутында алаңға қосалқы құрамнан қосылған Абдулла Радиф Сауд Арабия құрамасын алға шығарды.

Матчтың негізгі уақытына қосылған 9-минутта Оңтүстік Корея құрамасының шабуылшысы Чо Хе-Сонның есепті теңестіріп, өз командасының жанкүйерлерін бір қуантып алды. Қосымша екі таймда ештеңе өзгермеді.

Он бір метрлік соққылар сериясында сәттілік Корея құрамасыың жағында болды - 4:2. Жарыстың басты фавориттері келесі кезеңге жолдама алды.

Азия Кубогының ¼ финалында Оңтүстік Корея Аустралия құрамасымен кездеседі. Аталмыш ойын 2 ақпанда өтеді.