logo

Андердогтар шайқасы. Тәжікстан – Иордания Азия Кубогының ширек финалын қайдан көруге болады

Андердогтар шайқасы. Тәжікстан – Иордания Азия Кубогының ширек финалын қайдан көруге болады

2-ақпанда Азия Кубогының 1/4 финалдық ойындары басталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Турнирдің жартылай финалына қатысуға мүмкіндік беретін жолдаманы бірінші болып Тәжікстан және Иордания сарапқа салады. Қос ұжым жарыста сенсация жасаған болатын.

Тәжіктер тарихтағы алғашқы рет Азия Кубогын финалдық кезеңіне қатысып, топтан шығып қана қоймай, 1/8 финалда кезеңінде Азия Кубогының жартылай финалисті БАӘ құрамасын жарыс жолынан шығарды.

Иордания құрамасы да плей-оффтың 1/8 кезеңінде Малайзияны өтіп, андердог мәртебесінде Иракты 3:2 есебімен тізе бүкітіріп, нағыз сенсация жасады.

Тәжікстан – Иордания кездесуінің тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша сағат 17:30-те басталады. Тікелей эфирді Sport Plus Qazaqstan телеарнасында және sportplustv.kz сайтында тамашалауға болады.

Егер бүгінгі ойын күнінің бірінші жұбы Азия Кубогында сенсация жасаған командалардың шайқасы болса, екінші матчта фавориттер кездеседі – Аустралия мен Оңтүстік Корея құрамалары жанкүйерлерге жоғары деңгейдегі футбол сыйлайды деген үміт бар.

Аустралиялықтар 1/8 финалда Индонезия құрамасын 4:0 есебімен оңай жеңді, бірақ Корея Сауд Арабиясымен тең ойын өткізіп, тек пенальти сериясында ғана жеңіске жетті.

Аустралия – Оңтүстік Корея ойыны 21:30-да басталады. Аталмыш кездесу арнаның тікелей эфирінде және Sport Plus Qazaqstan сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі