logo

Иран пенальти сериясында жеңісті жұлып әкетті

Иран пенальти сериясында жеңісті жұлып әкетті

Футболдан Азия Кубогының 1/8 финалында Иран құрамасы Сирия құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

34-ші минутта ирандықтардың шабуылшысы Мехди Тареми пенальтиден есеп ашты. 62-ші минутта сириялықтар Омар Хребиннің он бір метрліктен гол соғуының арқасында есепті теңестірді.

Негізгі уақыттың соңында Иран бір ойыншыға кем қалды – Таремиге екінші сары қағаз берілді.

Командалар қосымша уақытта гол соға алмады, ал пенальти сериясында ирандықтар дәлірек болып, барлық соққыларын дәл орындады – 5:3.

Иран құрамасы Азия Кубогының соңғы ширек финалисті атанды. Келесі кезеңде олар Жапония құрамасына қарсы ойнайтын болады.