Тағыбергеннің «Ордабасымен» бір жылға келісімшарты бар, бірақ ол командадан кетуі мүмкін
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ордабасы» клубының капитаны Асхат Тағыбергеннің шымкенттік ұжымдағы болашағы шешілмеді, деп хабарлайды Sport+.
34-жасар футболшының «Ордабасымен» бір жылға келісімшарты бар, бірақ оның шарттары бойынша ол шымкенттік командадан қысқы трансферлік терезе кезінде кетуге құқылы.
Тағыбергеннің болашағы келесі аптада белгілі болады. Ал қазір Асхатқа еліміздің бірнеше клубы құда түсіп отыр. Олардың ішінде «Ақтөбе» мен «Елімай» командалары бар.
Асхат Тағыберген өткен маусымда Қазақстан чемпионаты аясында 24 ойын өткізіп, 2 гол соқты және 9 нәтижелі пас берді.