Асхат Тағыберген: Аустриядан жеңілгеннен кейін сабақ алып, ертең жеңіске жетеміз
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Аустрияға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында БАҚ сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sport+.
— Алдағы матч біз үшін өз алаңымыздағы биылғы жылдың соңғы ойыны болмақ. Сондықтан біз жанкүйерлерді қуантқымыз келеді. Команда 100 пайыз ойнауға дайын. 0:4 ұтылғаннан кейін біз сабақ алдық және ертең жеңіске жетеміз.
— Премьер-лиганың «Жеңіске» қарсы матчынан кейін клубтың жанкүйерлерінің бірімен сөзге келіп қалдыңыз. Сіз оны төбелесуге шақырдыңыз ба?
— Бейнеге түсіп қалған жағдайды халық дұрыс түсінбеді. Мен оны жеке сөйлесуге шақырған жоқпын. Мен жауынгер емес, футболшымын. Мұның бәрі трибунадан көрінді. Бұл жігіт мені матчтың бірінші минутынан бастап арандатып, жамандады. Мен оның қайда екенін көрдім және ойыннан кейін сөйлесуге келгенде, ол менімен балағаттап сөйлесе бастады.