logo

Асхат Тағыберген: Қазақ халқының рухын биік көтеріп, Дания сияқты мықты командалармен ойнай алатынымызды дәлелдедік

Асхат Тағыберген: Қазақ халқының рухын биік көтеріп, Дания сияқты мықты командалармен ойнай алатынымызды дәлелдедік

«Ұлттық құрама зеңбірегі» жүлдесінің жеңімпазы Асхат Тағыберген Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында марапатқа қатысты пікір білдірді.  

«Sport+ телеарансына мың алғыс. Арнаға біздің спортшылардың биік шыңдардан, жақсы сәттерден тікелей эфирде көрсете беріңіздер деген тілек білдіргім келеді. Дания құрамасына соғылған гол – естен кетпейтін сәт. Еуропада үздік голдардың бірі болып саналғанына қуаныштымын. Ол гол тек қана менің еңбегім емес, бүкіл команданың талпынысының нәтижесі. Даниямен ойында жеңіліп жатқанбыз, бірақ Бақтиер гол соқты, ол гол бізге сенімділік берді. Содан кейіе мен соқтым, ал Абат кездесуді жеңіске жеткізіп, нүкте қойды. Қазақ халқының рухын биік көтеріп, Дания сияқты мықты командалармен ойнай алатынымызды дәлелдедік», - деді ұлттық құраманың капитаны.   



Күн шежіресі