Стас Покатилов Премьер-лиганың үздік қақпашысы атанды
QFL 2024 жылғы маусымының қорытындысы бойынша, OLIMPBET QFL Премьер-лигасының үздік қақпашысын ұсынады. Ордабаев Құралбек Досжанұлы атындағы номинация «Тобыл» клубының қақпашысы Стас Покатиловқа бұйырды, деп хабарлайды Sport+.
Үздік қақпашыны турнирге қатысқан клубтардың капитаны мен бапкерлері дауыс беру арқылы анықтады.
32 жастағы қақпашы осы маусымдағы турнирдің барлық ойындарына қатысып, гол жібермеу көрсеткіші бойынша үздік атанды. Ол 11 ойында қақпасын аман сақтап, 56 соққыны қайтарды. Стас қостанайлық ұжыммен бірге OLIMPBET QFL Премьер-лигасында 5-орынға табан тіреп, OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында жартылай финалға дейін жетті. Сондай-ақ, ол OLIMPBET QFL Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.