Станислав Черчесов: Жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жеребе нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
«Бұл кезеңде жеребенің атқаратын рөлі өте маңызды. Бельгия құрамасы маған жақсы таныс. Іріктеу кезеңінде және Еуропа чемпионатында бұл командамен кездескенмін. Қазір олар өзгеріс үстінде. Уэльс пен Солтүстік Македония құрамаларына келсек, олардың ойынын біраздан бері көрген жоқпын. Сондықтан нақты бір баға беру қиын.
Бесінші себеттен Лихтенштейн құрамасы түсті. Әр қарсыласқа құрмет таныту қажет. Оларды барынша зерттеп, жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Күнтізбенің қалай болатынын күтейік. Болашақты болжаудың қажеті жоқ. Мен үшін командамның нәтижесі маңызды. Ең бастысы – нәтиже көрсету үшін команданы қаншалықты жақсы дайындайтынымыз», – деді Станислав Саламович.