logo

Абылайхан Назымханов: Қазақстан құрамасы топтан шығу керек

Абылайхан Назымханов: Қазақстан құрамасы топтан шығу керек

Қазақстандық жартылай қорғаушы Абылайхан Назымханов Sport+ сайтына берген сұхбатында «Елімайға» ауысу жайлы, жастар құрамасындағы ойыны және Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі мүмкіндіктері туралы пікірін айтты.

– Абылайхан, «Елімайға» ауысу жайлы толығырақ айтып берсен. Ұсыныс қалай түсті?

– Ұсыныс маусым аяқталғаннан кейін, клуб өкілдерімен байланыс орнатқан кезде түсті. Олар маған қызығушылықтарын білдірді.

– Сенімен бірге «Шахтердегі» қос командаласын Цуприков пен Төлебай да Семейге көшті. Олардың ауысатының білдін бе?

 – Қай ойыншының қайда ауысатынын білмедім. Бірақ ресми ақпарат шыққан соң, бұл тақырыпты жігіттермен талқыладық.

– Андрей Карповичпен трансфер алдында сөйлестін бе? «Елімайдағы» сенің позициян туралы не айта аласын?

 – Иә, Андрей Владимировичпен жалпы әңгімеміз болды. Бірақ нақты позиция жайлы сөйлеспедік.

– «Елімайдан» басқа да қазақстандық клубтар тарапынан қызығушылық болды ма?

 – Иә, басқа да ұсыныстар түсті. Бірақ мен өз еркіммен Семей командасын таңдадым.

– Қазақстан жастар құрамасы сапында 10 матчтың 9-ына қатыстын. Әсіресе Испания және Шотландияға қарсы ойындар есте қалды. Қалай ойлайсын, неге команда топтан шыға алмады?

 – Халықаралық матчтар — үлкен тәжірибе, әсіресе Испания, Бельгия және Шотландия сияқты футбол алыптарымен ойнағанда. Мұндай ойындарда жылдамдық пен динамика мүлде өзгеше, сол деңгейге тез бейімделу қажет. Мүмкін, жиі жолдастық матчтардың болмауы ресми ойындарда қиындық тудырған шығар.

– Жастар құрамасында өнер көрсеткен бірнеше ойыншы Бельгия мен Испания чемпионаттарынан ұсыныстар алды. Саған шетелдік клубтардан қызығушылық болды ма? 

 – Маған нақты ұсыныстар түспеді. Бірақ шетелден шақырту алған жігіттерге өте қуаныштымын. Жалпы, жастар құрамасында талантты және болашағынан үміт күттіретін ойыншылар көп.

– Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейнмен бір топқа түсті. Бұл іріктеу кезеңіне көзқарасын қандай?

 – Еуро іріктеу кезеңіндегі топпен салыстырғанда, бұл топ бізге қолайлы деп есептеймін. Құрамамыз Еуро іріктеуінде үшінші орын алды, енді осы деңгейде жұмыс істеп, бар күшімізді салып, нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.



Күн шежіресі
1 г. 2 м. 28 д. 18 ч. 51 м. 14.302 с.