Оралхан Өміртаев ФНЛ клубтарының назарына ілікті
26 жастағы қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев маусымаралық кезеңде БАТЭ клубынан кетіп, Ресейдің Бірінші лигасындағы командалардың біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
Дереккөз мәліметінше, ойыншының агенті шабуылшыны көруге шақырған Бірінші лига клубтарынан бірнеше ұсыныс алған.
Сондай-ақ, футболшының отандық чемпионатқа оралып, Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың назарында болуға қарсы емес екені белгілі болды.
Өткен маусымда Беларусь чемпионатында Оралхан Өміртаев «Слуцк» және БАТЭ сапында 27 матч өткізіп, 10 гол соққан.