logo

Sport Plus Qazaqstan телеарнасы Super Bol жобасының серіктесі атанды

Sport Plus Qazaqstan телеарнасы Super Bol жобасының серіктесі атанды

Sport Plus Qazaqstan телеарнасы Super Bol реалити-шоуының серіктесі атанды. Super Bol — бұл жас және талантты футболшыларға өз шеберліктерін дәлелдеуге және футболдағы кәсіби мансабына алғашқы қадамдар жасауға бірегей мүмкіндік беретін жоба.

Іріктеу кезеңі Қазақстанның төрт қаласында өтеді, сондай-ақ осы маусымда аталмыш жобаны Өзбекстан мен Қырғызстан қабылдайды.

Бірінші кастингке атақты француз футболшысы Флоран Малуда келді, ол да таланттарды іріктеуге қатысады. 

Sport Plus Qazaqstan телеарнасында жобаның шығарылымдарын жіберіп алмаңыздар.