logo

Оралдың «Ақжайығы» бірінші лигада алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Оралдың «Ақжайығы» бірінші лигада алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Футболдан бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының екінші турында «Ұлытау» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші турда Қуаныш Қарақұлов жаттықтыратын оралдықтар өз алаңында күтпеген жерден «Екібастазға» 0:1 есебімен есе жіберген еді.

Бұл жолы матч тағдыры екінші таймда шешілді. Алдымен 54-минутта «Ақжайықтан» Роман Чирков есеп ашты. Дегенмен Бауыржан Тұрысбек 69-минутта таразы басын теңестірді. 81- минутта Әділжан Нұрбай соққан гол «Ақжайыққа» үш ұпай сыйлады – 2:1. 

Осылайша, «Ақжайық» алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Батысқазақстандық клуб 3-турда 19 сәуірде Оралда Ақтаудың «Каспийін» қабылдайды. 

«Каспий» екінші турда Ақтауда «Алтайды» 4:1 есебімен ойсырата ұтты.

 



Күн шежіресі