logo

Қазақстан бұқаралық футболды дамытқаны үшін УЕФА-ның марапатын алды

Қазақстан бұқаралық футболды дамытқаны үшін УЕФА-ның марапатын алды
УЕФА-ның бұқаралық футбол номинациясында Қазақстан Германия мен Чехияны артқа тастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
 
2023 жылы ҚФФ өткізген «Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі» 2023/24 маусымның УЕФА бұқаралық футбол марапаты аясында үздік футболға баулу жобасы деп танылды.
 
Ньонда өткен марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин қатысты.
 
Жоба балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, физикалық және психологиялық денсаулықтарын нығайтуға және қолайлы әлеуметтік ортаны құруға бағытталды.