Скворцов ресми «Шинник» ойыншысы атанды
«Химки» клубының 24 жасар қазақстандық қорғаушысы Лев Скворцов «Шинникке» (Ярославль) 1 жылдық жалға берілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Келісім 2024/25 маусымның соңына дейін мерзімделеді.
Бұған дейін қорғаушы «Астана», «Атырау» және «Тұран» командаларында ойнады. «Химки» сапында Скворцов 24 ойын өткізіп, 1 гол соқты.