logo

«Силькеборг» Оразовсыз ұпай жоғалтты

«Силькеборг» Оразовсыз ұпай жоғалтты

Дания Суперлигасының 13-турында «Силькеборг» өз алаңында «Ольборгпен» 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Sport+.

«Силькеборг» сапындағы қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов матч тізіміне енгенімен, алаңға шыққан жоқ. Осылайша, команда Суперлигада қатарынан алтыншы рет тең нәтиже көрсетті.

13 кездесуден кейін «Силькеборг» чемпионаттың турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.



Күн шежіресі