Ілияс Әбіл гол соғып, «Жил Висентеге» сырт алаңда жеңіс әкелді
«Жил Висенте» U-19 жастар командасы Португалия ұлттық чемпионатының оныншы турында сырт алаңда «Фамаликан» U-19 командасын 4:2 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sport+.
18 жастағы қазақстандық Ілияс Әбіл матчтың соңғы минуттарында гол соғып, «Жил Висенте» жастар құрамасының жеңісін бекемдеді.
Еске сала кетейік, қазанда жартылай қорғаушы «Брага» U-19 командасымен өткен матчта жалғыз голдың авторы атанып, үш ұпай әкелген болатын.