Боксшы Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Алуа жартылай финалда Тхи Там Нгуенмен (Вьетнам) жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша Вьетнам боксшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Алуа Балқыбекова Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.