Қазақстан құрамасы Словакиядан жеңілді
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Словакия құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+.
Матч 2:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының сапында Рамазан Кәрімов гол соқты.
Осылайша, екі турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 1 ұпай бар. Алда Ван 'т Схип шәкірттерін Молдова және Фарер аралдары құрамаларына қарсы өз алаңындағы екі матч күтіп тұр.