Чемпионат үшін қарымта кездесу ме? «Ұлытау» – «Елімай» кубоктық матчының тікелей эфирі

«Ұлытау» мен «Елімай» Қазақстан чемпионаты аясында 6 сәуірде кездескен еді, ол ойында семейлік футболшылар 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Араға алты күн салып, бұл командалар қайта жолығады, бірақ бұл жолы — Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында.
Айта кету керек, олардың алғашқы кездесуі Астанада өтті, ал ендігі матч Жезқазғанда өтпек.
«Астана Аренадағы» ойын қос клуб тарихындағы алғашқы бетпе-бет кездесу болды. «Ұлытау» үшін бұл жеңіліс елордадағы төрт турда орын алған екінші сәтсіздік болды. Иван Азовскийдің шәкірттері екі ұпайды «Жетісу» және «Жеңіс» командаларына қарсы ойындарда еншілеген.
Ал «Елімай» чемпионатта тек 1-турда қонақта «Атырауға» есе жіберіп, одан кейін екі жеңіске жетіп, Қостанайдағы ойыннан тең нәтижемен қайтты.
Кубоктық кездесу 12 сәуір күні сағат 15:00–де өтеді. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, Sportplustv.kz сайтынан және YouTube арнасынан көруге болады.