logo

«Шанхай» Оскармен бірге Азия Чемпиондар лигасында ойнайды. «Шанхай Порт» — «Джохор Дарул Тазим» матчын қайда көруге болады

«Шанхай» Оскармен бірге Азия Чемпиондар лигасында ойнайды. «Шанхай Порт» — «Джохор Дарул Тазим» матчын қайда көруге болады

«Шанхай Порт» дәл қазір Қытай чемпионатының көшбасшысы, бапкер Кевин Мускаттың командасы 25 турда 66 ұпай жинады.

Алаңдағы басты жұлдыз, капитан және көшбасшы- «Челсидің» бразилиялық экс-футболшысы Оскар. Осы маусымда оның есебінде 11 гол және 21 нәтижелі пас бар. Сондай-ақ, чемпионатының үздік сұрмергені Лей Вуді ерекше атап өту керек, оның қанжығасында 28 гол бар.

Қытайлық команданың қарсыласы — «Джохор ДТ» (Индонезия) клубы. Аргентиналық Эктор Бидоглионың шәкірттері 9 турдан кейін турнир кестесін басқарды.

Команданың көшбасшысы — Индонезия азаматтығын алған және осы елдің ұлттық құрамасы үшін ойнаған «Испаньола», «Суонси», «Райо Валекано» және «Эйпен» командаларының экс-ойыншысы Хорди Амат.

Команданың үздік сұрмергені — 9 турда 8 гол соққан бразилиялық футболшы Бергсон.

«Шанхай Порт» — «Джохор Дарул Тазим» матчы 18 қыркүйекте сағат 17:00–де басталады. Тікелей эфирде бұл ойынды sportplustv.kz сайтында көруге болады.



Күн шежіресі