logo

«Бавария» Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

«Бавария» Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

UEFA Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінде алғашқы турдың бірінші ойын күні өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл турда Германияның «Бавариясы» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» командасын 9:2 есебімен сүріндірді. Бірінші кезеңнің өзінде жауапсыз үш гол салған германиялық команда одан кейін де басымдықты арттыра түсті.

Осылайша «Бавария» аталған турнир тарихында қарсылас қақпасына тоғыз гол соққан алғашқы команда атанды. Нәтижесінде Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты. 

Ал Испанияның «Реал Мадрид» командасы Германияның «Штутгартын», Италияның «Ювентусы» Нидерландтың ПСВ командасы, Англияның «Ливерпулі» Италияның «Миланын» 3:1 есебімен тізе бүктірді.



Күн шежіресі