logo

Жасыл алаңға Иньестаның бұрынғы клубы шығады. «Бурирам Юнайтед» — «Виссел Кобе» матчын қайда және нешеде көруге болады

Жасыл алаңға Иньестаның бұрынғы клубы шығады. «Бурирам Юнайтед» — «Виссел Кобе» матчын қайда және нешеде көруге болады

Азия Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында «Бурирам Юнайтед» (Тайланд) — «Виссел Кобе» (Жапония) матчы өтеді.

Өткен маусымда Испания мен «Барселона» құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андреас Иньеста «Виссел Кобе» сапында өнер көрсетті, ал жазда БАӘ чемпионатына ауысып кетті. Жапон командасының басты жұлдызы ретінде неміс «Штутгарт» пен «Гамбург» экс-қорғаушысы Готоку Сакаиды ерекше атап өтуге болады.

«Бурирам Юнайтедтің» құрамында жарқын жұлдыздар жоқ, бірақ Осмар Лосстың командасы турнир кестесінде бірінші орынында келе жатыр.

Команданың үздік сұрмергені — 26 жастағы бразилиялық Биссоли. Шабуылшының еншісінде маусымның 6 матчында 5 гол және 3 нәтижелі пас бар.

Аталмыш кездесу 17:00–де басталады. Ойынның тікелей эфирін Sport Plus Qazaqstan телеарнасы мен sportplustv.kz сайтында тамашаулауға болады. 



Күн шежіресі