logo

Самородовқа 1,5 млрд теңге айыппұл салынуы мүмкін

Самородовқа 1,5 млрд теңге айыппұл салынуы мүмкін

«Ахмат» клубының қазақстандық шабуылшысы Максим Самородовтың басына қара бұлт үйірілуі мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойыншыға агентімен келісімшартын бұзғаны үшін қомақты айыппұл төлеу қаупі төніп тұр.

«Мутко против» telegram-арнасының мәліметінше, Самородов агентіне ескертпестен, «Ахматпен» келісімге қол қойған. Келісімшартта оны бұзғаны үшін ойыншы 2 миллион еуро (1,58 миллиард теңге) төлейді деп көрсетілген.

Айта кетейік, 22 жастағы Самородов Ресейдің «Ахмат»клубына ауысты. Грозныйлықтар қазақстандық футболшы үшін «Ақтөбеге» бір миллион еуро төлеген.



Күн шежіресі