logo

Сәкен Бибосынов ежелгі қарсыласынан тағы ұтылды

Сәкен Бибосынов ежелгі қарсыласынан тағы ұтылды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында қазақстандық Сәкен Бибосынов ширек финалдағы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

51 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз ¼ финалда басты қарсыластарының бірі өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде Сәкен Бибосынов ежелгі қарсыласы Дусматовтан тағы да ұтылып қалды.

Бибосынов пен Дусматов былтыр Азия ойындарының екінші айналымында бокстасып, Дусматов жеңіске жеткен еді.

Дусматов – Рио Олимпиадасының чемпионы, ал Бибосынов – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.



Күн шежіресі