logo

Париж-2024: Карина Ибрагимова ширек финалға шыға алмады

Париж-2024: Карина Ибрагимова ширек финалға шыға алмады

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін бокстан әйелдер арасында Карина Ибрагимова шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ол ширек финалға шығу үшін пуэрто-риколық Ашлэйн Мотта Лозадамен жұдырықтасып, нәтижесінде төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді.

Бұл Карина Ибрагимованың Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі. Ол жарысты бірден 1/8 финалдан бастаған еді. Өкінішке қарай ұтылып қалды.

Айта кетсек, әйелдер боксынан Парижге үш спортшы лицензия жеңіп алған болатын. Олар – Назым Қызайбай, Валентина Хальзова және Карина Ибрагимова.



Күн шежіресі