Әділбек Мусин: Егер мен өзімнің жақсы нәтижемді көрсетсем, жартылай финалға шығушы едім
Жүзуден Қазақстан командасының мүшесі Әділбек Мусин Париж Олимпиадасын қорытындылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Мусин өзінің соңғы жарыс күнінде 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жартылай финалға өте алмады.
«Тактикалық тұрғыдан қарасақ, мен үнемі жәй жүзіп бастаймын. Көп жағдайда қашықтықтың екінші жартысында жылдамдық қосуға тырысамын. Кейбіреулер мұндағы бассейннің өзгеше екенін айтады. Меніңше, еш айырмашылығы жоқ. Егер мен өзімнің жақсы нәтижемді көрсетсем, жартылай финалға шығу мүмкіндігі бар еді. Өкінішке қарай, жағдай осындай», - деді Мусин.