Матвеева мен Дубовицкая Олимпиада ойындарындағы жорығын аяқтады
Қазақстандық жеңіл атлеттер Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнерлерін аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Олар биіктікке секіру бойынша жарыстардың іріктеу кезеңіне қатысты. Финалға өту үшін 12 финалисттің қатарына кіру керек еді (197 сантиметрлік бақылау биіктігін алу немесе қорытынды хаттамада ең жоғары орындарды иелену).
Дубовицкая 183 сантиметр биіктікке дейін секіріп, 188 сантиметрді бағындыра алмады.
Матвеева 188 сантиметрді бағындырғанымен, 192 сантиметр биіктік оған бағынбады.
Іріктеу қорытындысы бойынша Надежда Дубовицкая 28-ші, ал Матвеева 19-шы орынға ие болды. Бұл оларға 12 финалисттің қатарына енуге мүмкіндік бермеді.