Рыбакина ойыннан бас тартып, Азаренкоға жол берді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4 орын) әлемнің экс-бірінші ракеткасы белоруссиялық Виктория Азаренкомен (19 орын) Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалында кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Рыбакина фаворит саналғанымен, матчты сәтсіз бастап, 1:3 есебімен жеңіліп жатқан жерден ойыннан бас тартты. Кездесу бар болғаны 20 минутқа жалғасты.
Осылайша Виктория Азаренко күтпеген жерден жартылай финалға шықты. Оның қарсыласы белоруссиялық Арина Соболенко (3 орын) және ресейлік Анна Калинская (24 орын) жұбында анықталады.
Естеріңізге сала кетсек, Берлиндегі турнирдің басында әлемнің төртінші ракеткасы Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовадан (35 орын) 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.