Александр Недовесов: Олимпиадаға қатысу - арманым
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов Sport Plus Qazaqstan тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында қазіргі нәтижелері жайында және армандары жайында айтты:
Өткен жарты жылдықтағы нәтижем жаман емес. Әлбетте, әр жарыста бұдан да жақсырақ ойнауды қалайтыным анық. Бірақ қалауымыз бен мүмкіндік әрдайым сәйкес келе бермейді. Эшторилдегі ATP 250 турниріндегі жеңісімның орны бөлек, әрине. Оған дейін «Челленджердегі» жеңіс болды. Онша көңіл толмайтын апталар да болды, дегенмен теннис маусысы әлі де жалғасуда, жыл соңына дейін ұмытылатын мақсаттар бар.
Теннисші алдағы Уимблдон турнирінен не күтетінін де жеткізді:
Үлкен дулыға турнирлерінің қашан да орны бөлек. Әрқайсында барынша жақсы ойнағың келеді. Уимблдонның үшінші айналымына дейін жету қанағаттанарлық нәтиже болады деп ойлаймын. Дегенмен, жеребеге де көп нәрсе байланысты.
Қазіргі рейтингке сай Недовесовтың Олимпиадаға қатысу мүмкіндігі бар. 37 жаста төрт жылдықтың басты додасына қатысу жайында теннисшінің ойы:
- Олимпиадада ойнауды қашан да армандайтынмын. Бала кезімде Олимпиада трансляциясын асыға күтетінмін. Париж жарысына іріктеуден өтсем, бұл мен үшін үлкен қуаныш. Шынымды айтсам, білмеймін. Өйткені бұл ақпаратты сізден алғаш естуім. Ресми түрде әлі расталмады. Қалай болғанмен, өз мәнсабымдағы алғашқы Олимпиада Ойындарына қатысып, еліміздің намысын теннис сайысында қорғау мен үшін зор қуаныш.