logo

Новак Джокович Париж олимпиадасына қатысатын болды

Новак Джокович Париж олимпиадасына қатысатын болды

«Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы, әлемнің 3-ракеткасы, 37 жастағы Новак Джокович Париж олимпиадасына қатысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Сербия ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, Н.Джоковичпен бірге Парижде 33 жастағы Душан Лайович бақ сынайды.

Осы айдың басында Джокович Ролан Гаррос турнирінде жарақат алып, жарыстан шығып қалған болатын. Қазіргі кезде отадан кейін қалпына келуден өтуде.

Оның Уимблдон додасына қатысуы әзірге белгісіз болып отыр. 

Олимпиадада теннис турнирі топырақ төсенішіндегі корттарда 27 шілде — 4 тамыз аралығында өтеді. Новак Токио олимпиадасында 4-орын алған болатын. 

Ресей теннис федерациясы да олимпиадада өнер көрсететін ойыншылар тізімін жариялады.

Әлемнің 5-ракеткасы Даниил Медведев бастаған ресейлік теннисшілер бейтарап елдің атынан сынға түсетін болады. 



Күн шежіресі