Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері кім болатыны белгілі болды
Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Дэвид Немировски болады. Ол бұл қызметті «Барыс» командасының бапкері қызметімен қатар атқарады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Еске сала кетейік, Shaiba.kz сайты ұлттық құраманың бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиевтің қызметінен босатылғанын хабарлаған.
Дэвид Немировски осы маусымаралық кезеңде «Барыс» командасының бас бапкері болып тағайындалды. Ол төрт маусым бойы ресейлік «Торпедо» командасын басқарды, оның кезінде команда үш рет плей-оффта ойнады. Өткен маусымды бапкер «Сибирь» командасының бас бапкері ретінде бастаған, бірақ 2023 жылдың желтоқсанында қызметінен босатылды. Дэвид Немировски өз мансабында ұлттық құраманы басқармаған.