Ринат Әлеуетов — «Каспийдің» жаңа бас бапкері
Ақтаулық «Каспий» клубы 35 жастағы қазақстандық маман Ринат Әлеуетовті бас бапкер қызметіне тағайындағанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Ринат Мұратұлы 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданында дүниеге келген. Бапкерлік мансабын 2019 жылы «Алтай» командасында бастады. Сондай-ақ «Жетісу», «Елімай» және «Женіс» командаларында бас бапкер болып жұмыс істеді.
Өткен маусымда маман «Тұран» командасын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда маусымды Қазақстан Премьер-лигасында 12-орында аяқтады.