logo

Игорь Шацкий «Шахтерге» оралды

Игорь Шацкий «Шахтерге» оралды

«Шахтер» футбол клубы 35 жастағы қақпашы Игорь Шацкиймен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Қақпашы осы маусымда «Ақтөбе» үшін барлық турнирлерде 28 ойын өткізіп, 8 мәрте қақпаны голдан аман қалтырды.

Сонымен қатар, Шацкий Қазақстан құрамасының сапында Ұлттар лигасы аясында 4 рет бастапқы құрамда шықты.