«Қызылжарға» жаңа ойыншы келді
26 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Ираклий Бугридзе Петропавлдың «Қызылжар» клубының жейдесін киді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Грузиялық вингер Тбилисидің «Динамо» клубының түлегі. Оның карьерасында «Локомотив», «Чихура», «Динамо» және «Дила» деген командалар болған. Оның барлығы Тбилисидің клубтары. Ираклий отанынан кеткен соң Бельгияның «Беерсхот» командасында ойнаған.
Сонғы ұжымы – Кутаисидің «Торпедо» клубы. Бұл команда сапында Еуропа Конференция лигасында 4 матчта екі гол соққан.
Оның біреуін «Ақтөбе» қақпасына салған. Жалпы, «Торпедо» сапында 64 матчта 15 гол соққан және 9 нәтижелі пасы бар.