logo

«Ахматтың» капитаны «Қызылжар» ойыншысы атанды

«Ахматтың» капитаны «Қызылжар» ойыншысы атанды

Петропавлдың «Қызылжары» хорват Зоран Нижичтің клуб сапына қосылатынын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Клуб баспасөз-қызметінің хабарламасына сәйкес Нижич өз мансабын жергілікті «ХНК Змай» клубында бастаған, кейін Бельгияның «Брюссель» командасына ауысып, туған жеріне оралып «Хайдук» ойыншысы атанған.

Зоранның соңғы ойнаған клубы - грозныйдың «Ахматы». Ол Ресейде бес жыл доп теуіп, капитан деңгейіне жеткен.

Хорватия құрамасы ойыншысының еншісінде РПЛ-да 86 ойын және Еуропа Лигасы аясында 22 кездесуі бар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы (@fcqyzyljar)