logo

«Қызылжар» Черногория жастар құрамасының бұрынғы ойыншысымен толықты

«Қызылжар» Черногория жастар құрамасының бұрынғы ойыншысымен толықты

Петропавлдық «Қызылжар» құрамын черногориялық ойыншы Митар Чуковичпен толықтырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

28-жасар Митар Чукович – «Игало» атты черногориялық клубтың түлегі. Өз мансабында ол «Петровац», «Ловчен» (қос клуб - черногориялық), «Пролетер Нови Сад», «Напредак» (қос клуб - сербиялық), «Паневежис» және «Ритеряй» (қос клуб - литвалық) сынды футбол клубтарында өнер көрсетті.

Чуковичтың алаңдағы негізгі позициясы – сол қапталдағы латераль. Митар кезінде Черногория жастар құрамасының сапына шақырту алған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы (@fcqyzyljar)



Күн шежіресі