logo

«Қызылжардың» капитаны «Елимайға» ауысты

«Қызылжардың» капитаны «Елимайға» ауысты

Семейлік «Елімай» 28 жастағы беларусь жартылай қорғаушысы Евгений Березкинмен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+.

«Бір кездері Беларусь жастар құрамасында ойнаған 28 жастағы жартылай қорғаушы Евгений Березкин „Елімаймен“ келісімшартқа отырды. Өткен маусымда ол „Қызылжардың“ намысын қорғап, 21 матчта 7 гол соқты», -деп жазады семейлік баспасөз қызметі.

Березкин — Беларусь футболының түлегі. Өз елінде ол «Витебск», «Нафтан», БАТЭ және «Торпедо-БелАЗ» командаларында өнер көрсетті.