«Қызылжар» тәжірибелі қақпашымен қош айтысты
Петропавлдық «Қызылжар» белорус қақпашысы Константин Руденокпен келісімшартты тоқтатты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
33-жасар Руденок команда құрамын ақпан айынының басында толықтырған еді, алайда қазір клуб қақпашымен келісімшартты бұзуға шешім қабылдады. Бұған не себеп болғаны белгісіз.
Белорус қақпашының орнын клубтың түлегі Вадим Петров толықтырады.